
ШҚО-да «Есептегі тұлға» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
2025 жылы 10-23 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында республикалық «Есептегі тұлға» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады.
Іс-шараның басты мақсаты – ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған, оның ішінде ауылдық жерлер мен шаруа қожалықтарында тұратын азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру. Басты назар қылмыстық құқықбұзушылықтарды қайта жасауға бейім адамдардың өмір салты мен жүріс-тұрысын бақылауға бағытталған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі