
«Нұрорда» мектеп-лицейінің оқушылары ШҚО ПД тарихи мұражайына барды
Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің 8-сынып оқушыларына Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар облыстағы құқық қорғау органдарының бай тарихымен танысып, қызметтік борышын абыроймен атқарған полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы білді. Әсіресе, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полицейлер туралы әңгімелер мен әртүрлі экспонаттар – мұрағаттық құжаттар, бұрынғы жылдардың нысанды киім үлгілері мен ерліктері үшін берілген марапаттар балаларға ерекше әсер қалдырды.
Тарихи мұражайды көрген оқушылар ішкі істер органдарындағы қызметтің маңыздылығын тереңірек түсінгендей болды.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпаққа полиция қызметінің қыр-сырын жақсырақ түсінуге көмектесіп, тәртіп сақшыларына деген сыйластық сезімін қалыптастырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі