Өскеменде полиция оқ ататын автоқалам тәркіледі

Өскеменде полиция оқ ататын автоқалам тәркіледі

Өскеменде полиция тұрғыннан оқ ататын қалам тәркіледі, - деп хабарлайды @kaz.tengrinews тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті криминалды басқармасының қызметкерлері 34 жастағы өскемендіктің үйінен ерекше қаламды тапқан. Қалам пәтердің қабырғасына жасырылған.
⠀
"Криминалистің сараптамасына сәйкес, тәркіленген металл қаламнан оқ атуға болады. Ол атыс қаруы болып саналады. Оқ ататын қалам сигналды ракетаның бөлшегінен жасалған", - дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.
⠀
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғынның пәтерін тінту барысында газ тапаншасы мен екі пышақ тапқан.
⠀
Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
⠀
Егер күдіктінің сотта кінәсі дәлелденсе, ол 5 АЕК көлеміне айыппұл немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.