
ШҚО-да миграция қызметі 69 жастағы әйелге өміріндегі алғашқы құжатын алуға көмектесті
Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Плотникова Людмила Анатольевна алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды. Ол өмір бойы ресми құжатсыз жүрген. Осыған дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланып келген, алайда кейін оны жоғалтып алған.
Ұзақ уақыт бойы Людмила Анатольевна жаңа құжатты қажет етпеген, дегенмен Қазақстан Республикасының азаматтық мәртебесін қалпына келтіру үшін Алтай ауданының көші-қон қызметіне жүгінуге шешім қабылдаған.
Көші-қон қызметкерлері оған барлық жағынан қолдау көрсетіп, қажетті құжаттарын жинауға көмектесіп, мұқият тексеру жүргізіп, тиісті органдарға сұрау салған. 2025 жылдың ақпан айында Людмила Анатольевна барлық рәсімдер аяқталған соң, алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды.
Азаматша мамандарға көмек көрсеткені үшін алғысын айтып, енді Қазақстан азаматы ретінде барлық құқығын пайдаланып, әлеуметтік қызметтерді кедергісіз ала алатынына қуанышты екенін білдірді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі