
Балаларға арналған ұстау құрылғыларын пайдалану
Балаларға арналған ұстау құрылғылары (БҰҚ) автокөлікпен жүру кезінде баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кенеттен тежегішті басып қалуда немесе апат жағдайында жарақат алу қаупін азайтады. БҰҚ пайдалану жол жүрісі қағидаларымен реттеледі және баланың жасына, салмағына мен бойына байланысты.
Ұстау құрылғыларының негізгі түрлері:
- Автолюлька – жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі сәбилерге арналған (0 және 0+ топтары).
- Автокресло – 1 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған (1, 2 және 3 топтары).
- Бустер – жасы үлкенірек балаларға (12-ден жоғары) арналған, автокөліктің қауіпсіздік белдігін дұрыс бекітуге мүмкіндік береді.
Пайдалану ережелері:
- Құрылғы баланың салмағы мен бойына сәйкес болуы қажет.
- БҰҚ қауіпсіздік белдіктерімен немесе ISOFIX жүйесімен сенімді бекітілуі тиіс.
- Бала кресло ішінде белдіктермен бекітілуі керек.
- 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы құрылғысыз алдыңғы орындықта тасымалдауға болмайды.
- Автокресло қауіпсіздік стандарттарына (ECE R44/04 немесе i-Size R129) сәйкес болуы керек.
Балаларға арналған ұстау құрылғыларын дұрыс пайдалану – автокөлікпен қозғалыс кезіндегі балаңыздың қауіпсіздігінің кепілі!
ШҚО ПД баспасөз қызметі