Полиция қатарына қосылуға алғашқы қадам

Полиция қатарына қосылуға алғашқы қадам

                                                                                                  Полиция қатарына қосылуға алғашқы қадам

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өздерімен болашақта әріптес атанатын полицейлердің ата-аналарына бастапқы оқыту процесін көрсететін іс-шара ұйымдастырды.

Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерхат Шалқыбаев үміткерлерді ҚР ІІМ-нің Павлодар қаласындағы оқу орталығына бірге барып, оқу жағдайымен танысып қайтты.

Аталған оқу орны – болашақ құқық қорғаушылардың дағдыларын қалыптастыру жолындағы маңызды кезеңнің бірі. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген үміткерлер осы жерге келіп, курстардан өтіп, қажетті дағдыларды дамытып, қызметке дайындалады. Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық дайындықты қамтиды, бұл оларды нақты жұмыс барысында өз міндеттерін сенімді түрде орындауға мүмкіндік береді.

Бастысы, енді үміткерлердің ата-аналары мен туыстары болашақ полицейлердің оқу барысын оқу орнының Instagram-дағы ресми парақшасы арқылы бақылап отыра алады. Бұл ата-аналарға ұл-қыздарының оқудағы жетістіктері мен даму кезеңдерінен хабардар болып, кәсіби мансап жолында қолдау көрсетуіне көмектеседі.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі