Міндет пен абырой: Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қызметкерлерді зейнетке шығарып салу рәсімі өтті

Міндет пен абырой: Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қызметкерлерді зейнетке шығарып салу рәсімі өтті

                                                                                                  Міндет пен абырой: Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қызметкерлерді зейнетке шығарып салу рәсімі өтті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде жаңа басшылар тағайындалып, әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері зейнетке шығу салтанаты өтті. Полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жаңа жетекшілерге қойылған міндеттердің маңыздылығын және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша оларға жүктелген жауапкершілікті атап өтті. Сондай-ақ, ішкі істер органдарына өмірін арнаған қызметкерлерге ерекше алғыс сөздері айтылды.

Полиция майоры Бауыржан Акпердинов, полиция аға лейтенанты Ержан Оралханов және полиция майоры Манар Исканов 21, 19 және 25 жыл қызмет еткеннен кейін зейнетке шықты. Осы жылдар ішінде аталған полицейлер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге зор үлес қосқан тәжірибелі мамандар ретінде танылған.

Облыстың бас полицейі алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыстап, олардың қызметтік міндеттерін мінсіз орындағанын атап өтті. Сондай-ақ, өз ісін білетін, тәжірибесі мен білімі мол ардагерлерге департамент есігі әрқашан ашық екенін жеткізді.

Іс-шара соңында қызметкерлерді жаңа өмір кезеңіне қуаныш пен әл-ауқат тілеп, жылы лебізбен шығарып салды. Олардың ісіне адалдығы мен кәсібилігі әріптестері үшін әрқашанда үлгі болып қалары сөзсіз.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі