
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның жұмыс нәтижелері қорытындыланды
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органының (ККО) 2024 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды. Кеңес төрағасы Қуат Рахимбердин есеп беріп, бірлескен қызметтің маңыздылығын атап өтіп, әріптестеріне облыста құқық тәртібін нығайтуға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.
Кездесуде 2025 жылға қойылған басым міндеттер, атап айтқанда – полицияның беделін арттыру, азаматтық қоғаммен байланысты нығайту және заң мен тәртіпті сақтауды әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.
Департамент бастығы Ерлан Омарбеков 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялау туралы сөз қозғап: «Полиция заң мен тәртіптің сақшысы» және осы тұжырымдама ішкі істер органдарының жұмысындағы басты бағытқа айналады, бұл қазіргі қоғамның сұраныстарына жауап береді», - деді.
Генерал-майор Ерлан Омарбеков кеңес мүшелеріне полиция жұмысына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, Консультативтік-кеңесші органның ішкі істер органдары мен қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимыл алаңы ретінде өзін жақсы көрсеткенін атап өтті. Кездесуді қорытындылай келе, кеңестің белсенді қатысушыларын марапаттап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршаның ортақ ісі екенін, мұнда азаматтардың қолдауы маңызды екенін мәлімдеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі