
Полиция қысқы сырғанақтарда профилактикалық жұмыстарды күшейтті
Тәртіп сақшылары шанамен және стюбте сырғанауға арналған орындарда рейдтер жүргізіп, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жарақаттардың болмауын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Инспекторлар жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіреді. Ерекше назар қорғаныс құралдарын қолдану, қауіпсіз жолдарды таңдау және жолдар маңында немесе тым тік беткейлерде сырғанау сияқты қауіпті аймақтарда сырғанауға тыйым салу қажеттілігіне аударылады.
Ата-аналарға балалардың сырғанау кезін қадағалап, қақтығыстар мен жарақат алу қаупін азайту үшін бақылау жасауға кеңес береді. Рейдтер барысында полиция қызметкерлері танымал қысқы ойын-сауық демалыс алаңдарында ескерту белгілері мен қоршаулардың бар-жоғын да тексереді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір адамның жауапкершілігі екенін ескертеді. Қауіпті аймақтарда сырғанау немесе қорғаныс құралдарынсыз демалу сияқты ережелерді бұзу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін сақтау демалушылардың денсаулығын қорғауға және олардың айналасындағы адамдарды жарақаттан сақтауға көмектеседі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі