
Шығыс Қазақстанда болашақ Отан қорғаушыларға арналған тағы бір кадет сыныбы ашылды
Бүгін Өскемен қаласының Б. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінде жас полицейлерден құралған «Жас сақшы» атты жаңа, тоғызыншы кадет сыныбы ашылды.
Жобаның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына патриотизмді сіңіру, Отанға деген сүйіспеншілікті және қоғам игілігі үшін қызмет етуге деген ұмтылысты тәрбиелеу, сондай-ақ жастарды әскерде және құқық қорғау органдарында адал қызмет етуге дайындау.
Сыныпқа қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан, азаматтардың бейбіт өмірі мен тыныштығын қорғау жолында нағыз ерлік пен адалдықтың үлгісін көрсеткен полиция аға лейтенанты Ринат Исаевтың есімі берілді.
«Бүгін біз Ринат Исаевтың құрметіне аталған кадет сыныбын ашып жатырмыз, — деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов. — Оның есімі адалдық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символы ретінде мәңгі есте қалады. Бұл сіздерге үлгі болуы қажет. Себебі, мен сіздердің батырларымыздың қызметін жалғастыра алатын ұрпақ болып өсетіндеріңізге сенімдімін».
Осындай ерекше күні 23 оқушы Отанының батыл әрі берік қорғаны болуға салтанатты түрде ант берді.
«Енді сіздер жай ғана оқушылар емес, жас полицейлерсіздер— деп атап өтті Өскемен қаласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Зинаида Макарушина. — Сіздер форма киіп, ант қабылдадыңыздар. Бұл дегеніміз үлкен құрмет пен жауапкершілікті талап ететін айтулы қадам. Басқан қадамдарыңыз оң болып, жолдарыңыз ұзақ әрі даңқты болсын».
Жас сақшылар сыныбы тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, сонымен бірге патриотизм, ерлік және қоғамға қызмет етуге, елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтауға бағытталған дайындық құндылықтары ескерілетін сынып болмақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі