Балалар мен батырлар: полициямен бірге ертегі әлеміне жаңа жылдық саяхат

Балалар мен батырлар: полициямен бірге ертегі әлеміне жаңа жылдық саяхат

                                                                                                  Балалар мен батырлар: полициямен бірге ертегі әлеміне жаңа жылдық саяхат

Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Ақпарат және байланыс басқармасының қызметкерлері балаларына ұмытылмас мереке ұйымдастырды. Балалар тек сиқырлы атмосфераға еніп қана қоймай, ата-аналарының қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы жауапты жұмысы туралы да білді.

Кішкентай қонақтар Жедел басқару орталығын және музейді аралап, экспонаттарға қызығушылықпен қарап, қызықты әңгімелер тыңдап, құқық қорғау органдарының қызметі туралы сұрақтар қойды. Әсіресе, полицейлердің қызмет барысында пайдаланатын техникасы балаларды ерекше таңдандырды. Балалар әр қадам сайын қуаныш пен таңданыс сезіміне бөленді.

Дегенмен, күннің ең жарқын сәті Аяз ата мен Ақшақармен кездесу болды. Сиқырлы қонақтар балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Балалардың жүздері шаттық пен қуаныштан жарқырап, айнала күлкі мен шаттыққа толды.

Бұл күн балалар мен олардың ата-аналарына көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Балалар ата-аналарының маңызды қызметі туралы көбірек біліп, жаңа жылдық ертегі сезімін бастан кешірді. Бұл сезім олардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі