ШҚО-да «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

ШҚО-да «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

                                                                                                  ШҚО-да «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

«Жазаның бұлтартпастығы» қағидатын орындау мақсатында 18-20 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер анықталып, оларға қатысты әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлі түрде өндіру шаралары қолданылуда.

Полиция қызметкерлері прокуратура және жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, борышкерлердің тұрғылықты мекенжайлары және жұмыс мекенжайларына барып, әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Тәртіп сақшылары азаматтарға заңды бұзбау ең тиімді шешім екенін ескертеді.

Айыппұл төлеуді азаматтар екінші деңгейлі банктердің кассаларында немесе мобильді қосымшалар арқылы жүзеге асыра алады.

Егер қандай да бір себептермен құқық бұзушы айыппұлды 7 тәулік ішінде төлей алмаса, оған 30 күн ішінде айыппұлды толық сомада ерікті түрде төлеу мүмкіндігі беріледі.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және әкімшілік жауапкершілікті бұлжытпай қамтамасыз ету.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі