
ШҚО-ның екі полиция офицері «Жыл үздігі – 2024» төсбелгісімен марапатталды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Астанада республикалық «Жыл үздігі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Аталмыш маңызды шара «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, елдің дамуына және оның тәуелсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан әртүрлі саланың үздік мамандарын қолдауға бағытталған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласынан шабыт алған байқаудың мақсаты – патриотизмді насихаттау, кәсібилік пен адал еңбектің үлгісін көрсету, сондай-ақ жастарға мемлекеттің игілігі үшін қызмет етіп жүрген тұлғаларға мақтаныш сезімін ұялату.
ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері осы айтулы шарада өңірімізді лайықты түрде танытып, мәртебесін асқақтатты. ШҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі, полиция майоры Ескужанов Берқан және оның әріптесі, полиция майоры Муликов Арман басқа облыстан келген өкілдермен қатар жоғары кәсібилігі мен таңдаған мамандығына адалдығымен тәнті етті.
Қазылар алқасының қатаң іріктеуінің нәтижесінде екі офицер де жоғары марапат – «Жыл үздігі – 2024» төсбелгісімен және бірінші дәрежелі құрмет дипломымен марапатталды.
Бұл марапат тек құқық қорғаушылардың еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар әріптестер мен өскелең ұрпақ үшін үлгі екенін атап өту қажет.
ШҚО полицейлері өз қызметіне адалдық, жоғары кәсібилік пен үздіксіз жетілуге деген ұмтылыс әрқашан жоғары бағаланатынын тағы да бір дәлелдеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі