ШҚО ПД қызметкерлері «Өнегелі отбасы» байқауының жүлдегерлері атанды

ШҚО ПД қызметкерлері «Өнегелі отбасы» байқауының жүлдегерлері атанды

                                                                                                  ШҚО ПД қызметкерлері «Өнегелі отбасы» байқауының жүлдегерлері атанды

Ішкі істер органдары қызметкерлері қызметтегі кәсібилігімен қатар, отбасылық құндылықтарды насихаттауда да үлгі болып келеді. «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған басымдықтарды қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Өнегелі отбасы» атты республикалық байқауында ШҚО ПД Өскемен қаласы ПБ Жедел-басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Нұрмұханбетов Дастан Серікбайұлы және жұбайы ШҚО ПД Тәрбие және Кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция майоры Нұрмұханбетова Ақбота Нұролдақызы, Зайсан ауданы ПБ кезекші бөлімшесінің бастығы полиция аға лейтенанты Қайратов Алмат Қайратұлы жұбайы Зайсан ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы полиция майоры Набиева Айжан Қайратқызы жанұясымен жүлделі орынға ие болды.

Бұл байқау отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, қызметкерлердің отбасылық бірлігін нығайтуға және жас ұрпаққа өнегелі тәлім беру мақсатында ұйымдастырылған. ПД қызметкерлерінің бұл жетістігі оның қызметте ғана емес, отбасылық өмірде де өнегелі тұлғалар екенін дәлелдейді.

Олар шығармашылық және интеллектуалдық кезеңдерде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өздерінің парасаттылығы мен ұйымшылдығын дәлелдеді. Мұндай жетістіктер тәртіп сақшыларының қоғам алдындағы беделін арттырып, үлгілі отбасылық құндылықтарды насихаттауға жол ашады.

ШҚО Полиция департаменті әріптестерімізді және олардың отбасын құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке тілейміз. Әрқашан бір-бірлеріңізге сүйеу болып, қуаныш пен шаттыққа толы ғұмыр кешіңіздер! Ұл-қыздарыныз елге қызмет ететін азамат болып өссін!

Сіздердің өнегелі жолдарыңыз әріптестерімізге үлгі болып, көптеген отбасыларға береке мен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін көрсетеді деп сенеміз.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі