
ШҚО полицейлері республикалық байқауда үш жүлделі орынға ие болды
Ішкі істер органдарының мәдени орталықтары құқық қорғау жүйесінің өмірінде ерекше орын алады. Олардың қызметі қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдық мәдениетті дамытуға, полицияның оң имиджін нығайтуға және халықтың сенімін арттыруға бағытталған.
Кадрлық және идеологиялық жұмысты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары барысында ағымдағы жылдың 4-6 желтоқсаны аралығында Ішкі істер министрлігінде республикалық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқауда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің көркемөнерпаздар ұжымы еліміздің 17 облысынан 140 қатысушының арасынан төрт номинацияның үшеуінде жүлделі орындарға ие болып, өңір намысын абыроймен қорғап келді.
— «Осындай маңызды байқаудағы жетістіктеріңіз – бұл тек марапат қана емес, сонымен қатар біздің қызметтің мәдени дәстүрлерін дамытуға қосқан үлестеріңіз. Сіздер жоғары деңгейдегі дайындықтарыңызды, шеберліктеріңізді және қызметке деген адалдықтарыңызды көрсеттіңіздер», — деп атап өтті ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.
Байқау барысында ШҚО ПД ұжымы төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
* "Үздік бейнеролик-визит карточкасы" номинациясы - 1 орын;
• "Үздік саптық ән-әнұран"номинациясы - 2 орын;
* "Ұжымдық орындау" номинациясын - 2 орын.
Бұл жетістік Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ұжымының жоғары кәсібилігін және бірлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Тәртіп сақшыларының шығармашылық табыстары қызметке деген адалдығының жарқын көрінісі ғана болып табылмай қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға өз үлесін қосады деген ойдамыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі