
Шығыс Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
2024 жылдың 5 желтоқсанынан бастап 2025 жылдың 3 қаңтары аралығында облыста республикалық «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Оның мақсаты – жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пиротехникалық бұйымдардың айналымы мен қолданылу ережелерінің сақталуын бақылау.
Полиция қызметкерлері мен мемлекеттік өртке қарсы қызметі рейдтер жүргізіп, пиротехниканың заңсыз әкелінуі, сатылуы және қолданылуын, сондай-ақ сертификатталмаған тауарларды жеткізумен айналысатын тұлғаларды анықтайтын болады.
Пиротехниканы сақтау және сату тек қауіпсіздік талаптары қатаң сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Олар өрт сөндіру құралдары мен дабыл жүйелерімен жабдықталған арнайы орындарда сақталуы тиіс екенін ескертеміз.
Қазіргі уақытта облыс аумағында азаматтық пиротехникалық заттарды сақтау және пайдалану бойынша 4 нысан тіркелген.
Өскемен қаласында:
• «Улан» ЖШС: (Виноградов көшесі, 17а, «Дос-Нар» сауда үйі; Бажов көшесі, 331/1, «Самал» сауда үйі; Шәкәрім көшесі, 162А, «Ворошилов» базары; Меновное ауылы, Шоссейный тұйығы, 26/10, «Светофор» сауда үйі);
• «СТиК» ЖШС: (Қ.Сәтпаев даңғылы, 76/2, «METRO» сауда үйі; Жібек Жолы көшесі, 1, «Магнум» сауда үйі; Бажов көшесі, 110, «АДК» сауда үйі).
Алтай қаласында:
• «Алтай Салют» ЖШС: Первомайская көшесі, 23/2;
• «Алтай Уют» ЖШС: Геологическая көшесі, 42.
Пиротехникалық бұйымдарды сақтау, тасымалдау және сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанынын еске саламыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі