ШҚО полицейлері жасөспірімді ауруханаға жеткізуге көмектесті

ШҚО полицейлері жасөспірімді ауруханаға жеткізуге көмектесті

                                                                                         ШҚО полицейлері жасөспірімді ауруханаға жеткізуге көмектесті

Жол полиция қызметкерлері шұғыл медициналық көмек қажет болған баланың отбасымен аурухана кедергісіз жылдам жетуін қамтамасыз етті.

Туыстарының айтуынша, бала сырғанақта ойнап жүріп, құлап, аяғынан ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтып үлгерген. Осындай қиын сәтте борт нөмірі 144-ші патрульдік экипажының Қасымханов Архат және Егінбаев Алмас есімді қызметкерлері көмекке келді.

Тәртіп сақшылары көлікті облыстық балалар ауруханасына дейін бірге жүріп отырып, қауіпсіз әрі кедергісіз жетуіне жағдай жасаған. Олардың жедел әрекетінің арқасында зардап шеккен жасөспірім дер кезінде дәрігерлерге жеткізілді.

– «Сіздерге қиын әрі ауыр сәтте бізді жалғыз қалдырмағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Жігіттер жарады, қолдан келгеннің бәрін жасады», – деп баланың туыстары әлеуметтік желілерде жазыпты.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қыс мезгілінде ойын-сауық құрып, көңіл көтеру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Сырғанақ немесе басқа да сырғанауға арналған құралдарды алмай тұрып, оған арналған қауіпсіз орындар қарап, таңдап алыңыз. Кедергілері мен өткір заттары бар жерлерде абай болып, сондай-ақ қорғаныс құралдарын пайдалану маңызды екенін ұмытпаңыздар.

Қыс – қуаныш сыйлайтын мезгіл, бірақ денсаулық пен қауіпсіздік әрдайым басты назарда болуы тиіс.



                                                                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі