Шығыс Қазақстан жастары есірткіге қарсы үгіт-насихат жүргізуден алдыңғы қатарда

Шығыс Қазақстан жастары есірткіге қарсы үгіт-насихат жүргізуден алдыңғы қатарда

                                                                                                   Шығыс Қазақстан жастары есірткіге қарсы үгіт-насихат жүргізуден алдыңғы қатарда


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттердің ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Студенттер есірткіге қарсы» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара есірткіге тәуелділік мәселесін талқылауға, қоғамда қарсы көзқарас қалыптастыруға және есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқан жастарды марапаттауға бағытталды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов кездесуді құттықтау сөзбен ашып, есірткіге қарсы күресте бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп:

«Полиция есірткіге қарсы күресте әрдайым алдыңғы қатарда. Біздің міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұл қатердің қоғамға таралуына жол бермеу», - деді.

Шараның ерекше қонағы – есірткіге қарсы «Есірткіге жол жоқ» жобасының елшісі, ескек есу спорт түрі бойынша спорт шебері Екатерина Смирнова болды. Ол студенттерді есірткі қылмысын қолдайтын граффитилер мен заңсыз есірткі айналымының басқа да көріністерімен белсенді түрде күресуге шақырды.

Кездесу барысында Серік Манапов ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтің атынан еріктілерге, белсенділерге және жастар ұйымдарына алғысхаттар табыстады.

Сонымен қатар, студенттерге есірткіге қарсы бағыттағы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара заманауи билермен аяқталып, шығармашылық және бірігу сипатындағы кездесудің мақсатын айқындай түсті.

ШҚО Полиция департаменті барлық азаматтарды есірткіге қарсы бастаманы белсенді түрде қолдауға және бұл мәселені қоғамнан түбегейлі жою үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырады.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі