
Өскемен қаласының мектеп оқушылары ШҚО полициясының тарихына шолу жасады
Өскемен қаласындағы №30 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тарихи музейіне қызықты саяхат жасады. Экскурсия барысында қатысушылар Қазақстан полициясының құрылу және даму тарихымен танысып, құқық қорғаушылардың батылдық пен батырлық танытатын қызметінің рухын сезінгендей болды.
Сирек кездесетін оқиғаларға толы экспонаттар – ескі киім үлгілерінен бастап, полиция қызметімен байланысты бірегей жәдігерлер ерекше қызығушылық тудырды. Әрбір зат мұражайдың өткен күндерін жандандырып, қонақтарды терең ойға қалдырды.
Мұражай меңгерушісі жылдар бойы полиция киім үлгілерінің қалай өзгергені туралы айтып, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді және олардың жасаған ерліктерін еске алды.
Бұл экскурсия оқушылар үшін тарихымызды басқа қырынан көрсеткен терезедей болды. Ол құқық қорғау қызметінің маңыздылығы жайлы ойлануға шабыттандырып, мүмкін, мектеп түлектерінің бірі болашақта полиция киімін киіп, туған жерді қорғауды жалғастыратын болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі