
«Учаске» ЖПІШ-тің басты мақсаты - тұрғындармен өзара байланыс орнату
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындылары шығарылды. Жиын департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиковтың төрағалығымен өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – учаскелік полиция инспекторларының халықпен өзара іс-қимылын нығайту, азаматтардың сенімін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Жиында атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен жетістіктері талқыланып, алдағы уақытта одан әрі жетілдіру бағыттары белгіленді.
Әсіресе, профилактикалық шаралар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға ерекше көңіл бөлінді.
• «Біздің мақсатымыз – әрбір тұрғын өзін қауіпсіз сезінетіндей сенім мен қауіпсіздік ахуалын қалыптастыру. Халықпен байланысты нығайту – біздің басты басымдығымыз», – деп атап өтті Полиция департаментінде.
«Учаске» іс-шарасы 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Оның барысында учаскелік инспекторлар тұрғын үйлер мен пәтерлерді аралап, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды және қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді шешуді жалғастырады.
Полиция тұрғындарды осы өңірдегі әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі