Дамир Еникеев: ШҚО Жол қауіпсіздігінің жас көшбасшысы

Дамир Еникеев: ШҚО Жол қауіпсіздігінің жас көшбасшысы

                                                                                                  Дамир Еникеев: ШҚО Жол қауіпсіздігінің жас көшбасшысы

"Aq Jol" балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Дамир Еникеев осымен үшінші жыл қатарынан жол жүрісі қағидаларын белсенді түрде зерттеп, жауапкершілік пен бей-жай қарамаудың үлгісін көрсетіп келеді.

Тек сабақ кезінде ғана емес, мектептен қайтар жолда немесе қалада серуендеу кезінде Дамир жол қауіпсіздігін ұйымдастырудағы заң бұзушылықтар мен қағидаға сәйкес келмейтін тұстарын байқаған. Өзінің зейінділігінің арқасында, ол қандай-да бір қиындық туындаған жағдайда, жедел түрде полицияға хабарлап, мәселенің шешімін анықтауға тырысады.

Мысалы, Гагарин бульварында ол жол белгісімен белгіленген жасанды дөңестің жоқтығын байқаған. Оның бастамасының арқасында мәселе тез шешімін тапты.

Сонымен қатар, Дамир полицейлермен бірге рейдтерге қатысып, бағдаршамдардың ақауларын және басқа да ықтимал қауіптерді анықтауға көмектеседі.

Жасөспірім жасанды интеллект сияқты заманауи технологияларға қызығады. Оның көмегімен ол жол қауіпсіздігін жақсартудың инновациялық шешімдерін іздеуге талпынады.

Дамир Еникеев - белсенді азаматтық ұстанымы бар әрбір адам жол жүрісі қағидаларын қамтамасыз етуге шынайы үлес қоса алатын жанның жарқын мысалы, айналасындағыларды өзінің бей-жайлық танытпайтыны және өзгерістерге деген ұмтылысымен шабыттандырады.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі