
Полиция қызметіне кел!
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті кадр қызметкерлері «АДК Ривер» сауда-ойын-сауық орталығында «Жолда қабылдау» атты төртінші акциясын өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындар полицейлерге арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қызметке қабылдау шарттары және ішкі істер органдарында жұмыс істеудің артықшылықтары туралы ақпарат алды. Қалағандардың барлығы құқық қорғау органдары өкілдеріне сұрақтарын қойып, жан-жақты кеңес алды. Қатысушылардың ыңғайлылығы үшін QR-сауалнама арқылы тіркеу ұйымдастырылды. Мамандар олармен байланысып, қызметке немесе ІІМ оқу орындарына түсу процесінде ақпараттық қолдау көрсететін болады.
Мұндай іс-шаралар дәстүрге айналып, полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ жастардың ішкі істер органдарында қызмет етуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Полицейлер азаматтармен жеке кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, бұл кездесулердің құқық қорғау органдарының ашықтығы мен қолжетімділігін нығайтуға септігін тигізетінін айтады.
Ұйымдастырушылар акцияны өткізуге белсенді қолдау көрсетіп, тұрғындармен жайлы қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасағаны үшін «АДК Ривер» СОО басшылығына алғыс білдіреді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі