Полиция департаментінде өз қызметкерлерін салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу дәстүрі бар.

Полиция департаментінде өз қызметкерлерін салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу дәстүрі бар.

                                                                                                   Полиция департаментінде өз қызметкерлерін салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу дәстүрі бар

Катон-Қарағай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Медет Оекенев құрметті демалысқа шықты.

Ол өмірінің көп жылдарын облыстың тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеуге арнады. Ол өзінің алдына қойылған міндеттерді абыроймен және жауапкершілікпен орындап, әрқашан жас қызметкерлерге үлгі болды және тамаша тәлімгер болды. Өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін бірнеше рет грамоталар мен марапаттарға ие болды.

Еңбек жолын 2006 жылы әскерден келгеннен кейін Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің тергеушісі болып бастаған. Әрі қарай ол тергеушіден бастап бастықтың тергеу жұмысы жөніндегі орынбасарына дейінгі барлық сатылардан өтті.

Медет Оекенев қызмет еткен жылдарында мол тәжірибе жинап, бойына кәсіби қасиеттер сіңіре білген білікті қызметкер.

Департамент бастығының орынбасары Қазбек Тақжанов зейнеткерге барлық ұжымның және өз атынан жылы лебізін білдірді.

Қиын да, жауапты қызметке өмірінің 18 жылын берген зейнеткерге алғыс сөздер айтылып, құрмет көрсетілді.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі