
25 қараша 1999 жылы БҰҰ құрған халықаралық әйел адамдарға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған күрес күні атап өтіледі.
Бұл күні бүкіл әлем бойынша 10 желтоқсан - Адам құқықтары күнінде өз мәресіне жететін гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекет науқаны басталады.
Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 25-ші қарашасынан 10-шы желтоқсанына дейін жалғасатын «зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» ұранымен жыл сайынғы республикалық науқан өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шаралар туралы кең аудиторияны хабардар ету.
Егер сіз тұрмыстық зорлық — зомбылықтың куәгері болсаңыз немесе сізге немесе сіздің жақындарыңызға өз үйінде қауіп төніп тұрса, «102» жедел арнасына хабарласыңыз немесе отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша сенім телефоны «111» нөміріне қоңырау шалыңыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі