
ШҚО тұрғындарын жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ескертті
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен, еріктілер, әлеуметтік қызметкерлер және білім беру жүйесінің өкілдерімен бірлесіп өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Жеке сектор тұрғындарына, әсіресе балалары бар отбасыларға ерекше назар аударылды. Учаскелік инспекторлар мен ТЖД қызметкерлері үйлерге барып, жадынамалар таратып, тұрғындармен жылыту құралдары мен электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері, сондай-ақ өрт туындаған кезде қолданатын алғашқы іс-әрекеттер туралы әңгімелесті.
Құтқарушылар пештерді қауіпсіз пайдалану мәселесіне баса көңіл бөлді. Дұрыс пайдаланбау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін, соның ішінде көміртегі тотығымен улану — адамдар үшін қауіпті және байқалмайтын зат екенін ескертті. Тұрғындарға мұржаларды тексеру, желдету, түтін датчиктерін орнату және жылыту жүйелеріне үнемі техникалық қызмет көрсету қажеттілігі туралы айтылды.
Сондай-ақ, қызметкерлер азаматтарға жазатайым оқиғалар қаупін азайту үшін балаларға үйде де, көшеде де өрт қауіпсіздігі негізгі қағидаларын оқытудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі