
ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері мал ұрлығы қылмысының алдын алу үшін бірнеше қарапайым және тиімді шараларды қолдануды ұсынады.
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
Малыңызды ұры-қарыдан қорғаудың 5 қадамы:
1. Малға арнайы белгі қою. Барлық малға чип тағу немесе таңба салу қажет;
2. Қоршауларды нығайту. Қораларға мықты қоршаулар орнатып, жарықтандыруды қамтамасыз етіңіз және бейнебақылау камераларын қойыңыз;
3. Малды бақылау. Малдың ұзақ уақыт қараусыз қалуына жол бермеңіз;
4. Ұжымдық жаю. Малды бақташының қадағалауымен жаюды ұйымдастырыңыз;
5. Малшымен байланыс. Бақташыда телефонның бар екеніне көз жеткізіп, төтенше жағдайда дереу хабарласа алатындай мүмкіндік жасаңыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі