ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Полиция департаментінде болып қайтты

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Полиция департаментінде болып қайтты

                                                                                                   ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Полиция департаментінде болып қайтты

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде учаскелік инспекторлармен және ювеналды полиция инспекторларымен жедел кеңес өтіп, оған облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысты.

Төтенше жағдайда жоғары кәсібилік танытқан полиция қызметкерлерін марапаттау жиынның шешуші сәтіне айналды. Ұлан ауданының учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Өтеулин мен жүргізуші Алтынбек Мязев бір отбасыны құтқарғаны үшін марапаттарға ие болды. Аймақтық Полиция департаментінің басшысы генерал-майор Ерлан Омарбеков оларға көрсеткен ерлігі мен жедел әрекет еткені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, олардың әрекеттері қоғам алдындағы батылдық пен жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, облыстың бас полицейі қызметте үздік нәтиже көрсеткен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ең үздік учаскелік инспекторларды да назардан тыс қалдырмады. Генерал-майор құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесін, сондай-ақ қызметтегі кәсібилік пен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев мемлекет басшысының айтқан қағидаты туралы еске салып:
- «Саяси плюрализмге — иә, экстремизм, бандитизм, бұзақылыққа - нақты жоқ», - деп айтып өтті.

Ол полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауда шешуші рөл атқаратынын айтты.

- «Адамдармен қарым-қатынас құруда және қылмыспен күресудің алдыңғы қатарында өздеріңіз тұрасыздар. Сіздердің қоғамдағы рөлдеріңіз бен жұмыстарыңызға деген құрмет уақыт өткен сайын бұрынғыдан да мағыналы, бұрынғыдан да күшейе түсуі тиіс. Мен облысымызда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететіндердің барлығына ризамын», - деді ол.

Кездесу барысында халықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы айтылып, құқық бұзушылықтың алдын алудың жұмыс аспектілері талқыланды. Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрі қойған міндеттер қаралды. Сондай-ақ, жұртшылықпен жұмысты нығайту және қылмыстың алдын алу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі