Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейдтер өтуде

Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейдтер өтуде

                                                                                                   Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейдтер өтуде

2024 жылғы 18-20 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Мал ұрысы" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Алмаз Төкенов аталған іс-шараны ұйымдастыру және өткізу жөнінде нақты тапсырмалар беріп, гарнизондық жиын өткізді.

"Мал ұрысы" шарасы барысында халықпен және шаруашылық басшыларымен қазіргі уақыттағы жедел жағдай және мал ұрлығымен күресу үшін қабылданатын әдістер туралы ақпарат жеткізуге бағытталған кездесулер ұйымдастырылды. Малды қараусыз қалдыруға жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында автокөліктерді тексеруде, сондай-ақ, әкімшілік учаскелерді қадағалау бойынша рейдтер жүргізуде.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына қырағы болуға, малдарын қараусыз қалдырмауға және шаруа қожалықтарының қоршауын нығайтып, ал ең бастысы малдарды таңбалауға кеңес береді.

Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе "102" жедел арнасына хабарласыңыздар. Бұл тәртіп сақшыларына қылмысты ізін суытпай ашуға және күдіктілерді тез арада ұстауға көмектеседі.



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі