
ШҚО ПД-да қызметкерлер аттестациядан өтті
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес қызметкерлерді аттестаттаудың кезекті кезеңі өткізілді.
Іс-шара ШҚО ПД бастығының орынбасары Тауфиков Рифхат Шафиховичтың басшылығымен өтті. Барлығы 32 қызметкер қатысып, нәтижесі бойынша олардың 13-і атқаратын лауазымдарына сәйкестігін растап жоғары лауазымдарға көтерілуге ұсынылды.
Қызметкерлерді аттестаттау олардың кәсіби даярлығының деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін анықтауға бағытталған мерзімді түрде жүргізіліп тұратын тұрақты іс- щаралардың бірі болып табылады.
«Мұндай жұмыстың басты мақсаты — қызметкерлердің дайындық деңгейін объективті бағалау, олардың әлеуетін анықтау және мансаптық өсуін қолдау. Біз өз қатарымызда өз міндеттерін тиімді орындауға дайын мамандардың ғана жұмыс істеуіне ұмтыламыз", - деп атап өтті Тауфиков Рифхат Шафихович.
Мұндай іс-шаралар кадрлық әлеуетті дамытуға және құқық қорғау органдары жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі