ШҚО тәртіп сақшыларының саптық байқауы: дайындық пен жабдықталуын тексеру

ШҚО тәртіп сақшыларының саптық байқауы: дайындық пен жабдықталуын тексеру

                                                                                                  ШҚО тәртіп сақшыларының саптық байқауы: дайындық пен жабдықталуын тексеру


Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция полковнигі Алмаз Төкенов жеке құрамның жоспарлы саптық байқауын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты полиция қызметкерлері мен қызметтік автокөліктердің қыс мезгілінде қызмет атқаруға дайындығын тексеру болды. Байқау барысында жеке құрамның сырт келбеті мен жарақтандырылуына мұқият бағалау жүргізілді, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін көзделген стандарттардың сақталуы тексерілді.

Қызметтік автомобильдердің техникалық жағдайына ерекше назар аударылды, бұл әртүрлі оқиғаларға тез және тиімді жауап беруді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жедел тапсырмаларды орындау үшін маңызды. Саптық байқауға 200-ден астам полиция және 60 бірлік автокөлік, оның ішінде патрульдік автомобильдер, тасымалдау машиналары және арнайы техника қатысты.

«Жеке құрам мен қызметтік автокөліктің дайындығын бағалау-бұл азаматтардың қауіпсіздігін және оқиғаларға жедел ден қоюды қамтамасыз ететін біздің жұмысымыздың негізгі бөлігі. Белгіленген талаптарды қатаң сақтау қоғамның сенімін сақтауға және қызметтік міндеттерін орындаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Алмаз Төкенов.

Бұдан басқа, қажетті құжаттар мен жабдықтардың болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің белгіленген талаптарына сәйкестігі тексерілді.

Саптық байқау аяқталғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға дайындығы көрсете отырып салтанатты шеру мен жүріп өтті. Байқаудан кейін жеке құрам қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күнделікті міндеттерін орындауға оралды.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі