Оқушылар мен студенттер мұражайға экскурсия жасап, Шығыс Қазақстан полициясының жұмысы туралы білді

Оқушылар мен студенттер мұражайға экскурсия жасап, Шығыс Қазақстан полициясының жұмысы туралы білді

                                                                                                  Оқушылар мен студенттер мұражайға экскурсия жасап, Шығыс Қазақстан полициясының жұмысы туралы білді

Бүгін Өскемен қаласы № 4 мектебінің екінші сынып оқитын кадеттері мен С. Аманжолов атындағы университеттің 2 курс студенттері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мұражайына барды. Экскурсия аймақтың құқық қорғау органдарының тарихымен танысу және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар Шығыс Қазақстан облысындағы полицияның қалыптасуы мен дамуы туралы, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан қызметкерлер туралы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысының технологиялары мен әдістерін дамытудағы әртүрлі кезеңдері жайлы біле алды. Студенттер мен оқушылар қазақстан полициясының тарихымен қызығушылықпен танысып, қызметкерлердің фотосуреттері мен жеке заттарын, әртүрлі жылдардағы тінту кезінде қылмыскерлерден тәркілеген қаруды да тамашалады. Мұражай қабырғасында жаңаша түрде құрылып, сақталған полиция тарихы қатысушыларға сол бір заманның әсерін сезіндіргендей болды.

Сонымен қатар, полицейлер Департамент қызметкерлерінің алдында тұрған заманауи сын-қатерлер туралы және полиция қызметкерінің жұмысындағы адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Экскурсия оқушылар мен студенттерге жарқын әсер қалдырып, олардың көпшілігі өз өмірлерін заң қорғаушы мамандығымен байланыстыруға ниет білдірді.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі