Шығыс Қазақстан учаскелік полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары байқауының жеңімпаздары марапатталды

Шығыс Қазақстан учаскелік полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары байқауының жеңімпаздары марапатталды

                                                                                                 Шығыс Қазақстан учаскелік полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары байқауының жеңімпаздары марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында өткен «Үздік учаскелік инспектор және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы» байқауы ішкі істер қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырудағы маңызды іс-шара болды. Байқау аясында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Бірінші кезең атыс алаңында өтіп, қызметкерлер ату шеберлігін ортаға салды. Ал, екінші кезеңде дене шынықтыру бойынша дайындықтарын қамтыса, соңғы кезең полиция қызметкерлерінің жұмысы үшін маңызды заңнамалық актілерді білуге арналды. Барлық кезеңнен кейін әр қатысушымен әңгімелесу жүргізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз атағына үздік учаскелік инспектор болып Шемонаиха ПБ полиция аға лейтенанты Жанболат Қажымханов танылды.

Өз кезегінде Алтай қаласы ПБ-нің полиция майоры Марина Ақтанова кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі үздік инспектор атанды.

Мұндай іс-шаралар полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыруға ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелерін тиімді шешуге ықпал етеді.

«Мұндай жарыстарды өткізу – қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Өңірімізде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күн сайын өздерінің жауапкершілігі мен адалдығын көрсететін мамандар жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Жеңімпаздарды құттықтаймын және алдағы республикалық деңгейдегі сынақтарда сәттілік тілеймін»,- деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Рифхат Тауфиков.

Байқауда үздік нәтиже көрсеткен үздіктер еліміздің түкпір-түкпірінен келген әріптестері арасындағы сайыстарда облыс намысын қорғап, республикалық деңгейде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады. Бұл олардың кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, құқық қорғау органдарының басқа да үздік өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, аудандағы жұмыс сапасын одан әрі арттыруға септігін тигізеді.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі