
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!
ШҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны ағымдағы жылдың 8-10 қараша аралығында Қазақстан Республикасының аумағында "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілетінін хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әсіресе республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардағы авариялық-қауіпті аймақтарда. Ол үшін аталған учаскелерде патрульдеу күшейтіліп, нарядтардың саны артады.
Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске саламыз!
ШҚО ПД баспасөз қызметі