Өскемен есірткісіз өмірді таңдайды!

Өскемен есірткісіз өмірді таңдайды!

                                                                                            Өскемен есірткісіз өмірді таңдайды!

Шығыс Қазақстан облысында полиция ұйымдастыруымен есірткіге қарсы айқынды акция өтті.
Тәртіп сақшылары «Аманат» партиясының өкілдерімен және белсенді студенттермен бірге Өскеменде есірткіге орын жоқ екенін еске салу үшін қала көшелеріне шықты!

Полицейлер мен белсенділер қала тұрғындарымен әңгімелесіп, тыйым салынған заттардың өмір мен денсаулықты қалай бұзатыны, қайғылы жағдайға әкеп соғатыны туралы айтты. Акция барысында тұрғындарға жадынамалар таратылды, ал есірткіге қарсы аббревиатурасы бар символдық шоколадтар әрқайсымыздың дұрыс таңдау жасай алатынымызды еске салды. Осындай кішігірім, бірақ мағыналы іс-әрекеттер арқылы азаматтар мәселеге назар аударып, оны қалай шешу керектігіне ой салады.
Белсенділердің тыйым салынған жарнамалар туралы граффити сурет салып, бояғанының арқасында қаламыздың таза әрі қауіпсіз бола түскенін айта кету керек.

Сонымен қатар, аталған акцияны өткізу барысында «Шығыс-Ұландары» атты жаңа есірткіге қарсы студенттер қоғамдастығы құрылуда.
Бұл топ қаланың оқу орындарында нашақорлықтың алдын алуға арналған күрестің маңызды элементіне айналады және жастар арасында салауатты ортаны дамытуды қолдайды.
Достарына дұрыс жол таңдауға көмектесуге дайын студенттер көпшілікті жаман әдеттерден бас тартуға шабыттандырады.

Полицейлер барлық тұрғындарды осы шараға қосылуға, есірткіге қарсы бастаманы қолдауға және болашақ ұрпақ үшін кішкентай қаламызды қауіпсіз етуге шақырады!


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі