
Отанға қызмет ету: шығысқазақстандық жас полицейлер ант қабылдады
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің алаңында полиция қызметіне қабылданған 37 жас қызметкердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.
Ашық аспан мен Ұлттық ұланның үрмелі аспаптар оркестрінің дүбірлі дауысымен әріптестері, туған-туыстары және тәлімгерлерінің алдында жас полицейлер дәстүрге адал болуға, Отанды сүюге және оған аянбай адал қызмет етуге, қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтауға ант берді.
– «Ішкі істер органдарында қызмет ету асқан төзімділік пен азаматтық борышты, Заңға негізделген адалдық пен әділдікті талап етеді. Қабылдаған анттарыңызға адал болып, қызмет жолындағы сынақтардан абыроймен өтіп, қызметтік міндеттеріңізді орындаудың жақсы үлгісі болатындарыңызға сенемін», - деді ШҚО ПД бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Төкенов Алмаз.
Ант қабылдау рәсімінен кейін сап түзеген жас полицейлер оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде шерумен жүріп өтіп, қызметтік міндеттерін атқаруға кірісті.
Осы күннен бастап олар туған жердің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзететін, заңдылық пен тәртіптің қорғаушылары болып саналады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі