ШҚО ПД-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

ШҚО ПД-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

                                                                                            ШҚО ПД-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Бүгін Полиция департаментінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын түсіндіруге және полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында семинар өткізіліп, оған "АМАНАТ" партиясының ШҚО филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшелері қатысты.

Спикерлер ретінде заң ғылымдарының кандидаты Гүлмира Байыркенова және Шығыс іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Елена Березинская-Әбілова сөз сөйледі.

Лекторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті, сондай-ақ құқық қорғау органдары деңгейінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерхат Шалқыбаев шақырылған сарапшыларға мазмұнды сөз сөйлегені үшін алғысын білдіріп, полиция қызметкерлері арасында кәсіби және моральдық жауапкершіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру үшін осындай кездесулердің қаншалықты маңызды екенін айтты.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі