Әкімшілік полиция басқармасы ШҚО автомектептерінің директорларымен жиын өткізді

Әкімшілік полиция басқармасы ШҚО автомектептерінің директорларымен жиын өткізді

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында, сондай-ақ жолдардағы апаттылықтың барынша өсуіне байланысты ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ өкілдерімен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысының автомектептерінің директорларымен көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау сапасын жақсарту бойынша кеңес өткізді.

ШҚО аумағында "Шығыс Қазақстан облысының автомектептер Одағы" (ШҚОАО) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі бір кәсіптік бірлестік қызметін жүзеге асырады, оған 40-тан астам автомектеп кіреді.

Полицейлер автомектептер назарына облыс жолдарындағы апаттық жағдай және көлік жүргізу өтілі 3 жылға дейінгі жүргізушілердің кінәсінен болған қайғылы ЖКО саны туралы ақпаратты жеткізді. Сондай-ақ, КЕАҚ-да ЖЖҚ бойынша емтихандарды бір ғана рет тапсыру статистикасы (31%) автомектептерде жүргізушілерге кандидаттарды даярлаудың төмен екендігін көрсетеді.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының негізгі қағидаты - барлық жол қатысушыларының өмірі мен денсаулығын қорғау екенін еске салады. Өз кезегінде автомектептер оқу жоспарына және жүргізушілерді даярлау жоспар-кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларын толық көлемде іске асыруға, сол арқылы білім алушыларды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге міндетті.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі