
Жүргізушіге ескерту!
ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы Кеден одағының 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарының қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) пайдалануға тыйым салынғанын хабарлайды.
Бұл талап қарлы жолдарда немесе көктайғақ кезінде қозғалу кезінде қысқы шиналардың жақсы жүруіне және ілінісу коэффициентінің жоғарылауына байланысты.
Қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы және оның ішінде үш шыңы мен қар ұшқыны бар тау шыңы түрінде, сондай-ақ "М+S", "M&S", "M S"белгілерімен таңбалануы тиіс.
Белгіленген «жазғы шиналары» бар автокөлікті қысқы кезеңде пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Өткен жылдардағы қыстың қыңыр мінезін еске түсіре отырып, жүргізушілерден көлік құралдарын қызқы кезеңге уақтылы дайындауды сұраймыз.
Құрметті жүргізушілер сіздерге қауіпсіз жолдар тілейміз!
ШҚО ПД баспасөз қызметі