
ШҚО ПД-да адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Серік Мизанбековпен кездесу өтті.
Талқылама барысында облыстың бас полицейі генерал-майор Ерлан Омарбеков қызметтік міндеттерін атқару кезінде адам құқықтарын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, қызметкерлерді, әсіресе жас мамандарды азаматтарға қатысты ар-намысты қорлайтын әрекеттердің алдын алу үшін оқытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
- «Жеке құраммен азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда жол берілмейтін әдістерді болдырмауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмысымыз жоғары талаптарға сай және әрбір азаматқа деген құрмет болуы үшін халықаралық талаптар мен құжаттарды да зерттейміз», – деді ШҚО ПД бастығы Е. Омарбеков.
Сонымен қатар, Серік Мизанбеков Өскемен қаласындағы арнайы қабылдау орындарын аралап, қамауда ұстаудың белгіленген нормаларының сақталуын, қамаудағыларға тиісті жағдай жасауды қамтамасыз етуін тексерді.
- «Мені жергілікті атқарушы органдардың біздің өкілдіктің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ұсыныстарына белсенді түрде ден қойып жатқаны қуантады. Белсенді қатысу және ынтымақтастыққа ұмтылу әрбір адамның құқығы сақталатын әділ және қауіпсіз қоғам құруға маңызды үлес қосатынына сенімдімін», - деді ол.
Сондай-ақ, жиында екі жақ тарап өкілдері құқық қорғау қызметі саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын және өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайту шараларын талқылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі