Заңгер Күршім ауданының полиция қызметкерін жоғары кәсібилігі үшін марапаттады

Заңгер Күршім ауданының полиция қызметкерін жоғары кәсібилігі үшін марапаттады

                                                                                                  Заңгер Күршім ауданының полиция қызметкерін жоғары кәсібилігі үшін марапаттады

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің атына Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Арғын Жаннат Бақытбекқызынан алғысхат келіп түскен.

Хатта құқық қорғаушы Күршім АПБ Анықтау тобының аға тергеушісі Алинов Эльдар Болатұлына жоғары кәсіби біліктілігі, әдептілігі мен жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірген.

Заңгер Эльдар Болатұлының сөз сөйлеуде сыпайылық пен сыйластық танытатынын айтып, оның қарым-қатынас қабілетін де жоғары бағалап өткен. Алинов сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қабылдағаннан кейін дереу онымен байланысқа шығып, оның облыстан тыс жерде орналасқанын ескере отырып, телефон арқылы байланыс орнату мүмкіндігі туралы хабардар еткенін және бұл әрекетін өте маңызды екенін атап өтті.

-  «Күршім АПБ Анықтау тобының аға тергеушісі Э.Алинов өзінің жеке қасиеттерімен құқық қорғау қызметінің беделін және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға үлес қосып келеді деп есептеймін», - деп жазған Жаннат Бақытбекқызы хатында.


Эльдар Болатұлы Ішкі істер органдарында қызмет еткеніне төртінші жылдан асты.

-  «Мен үшін бұл жай ғана жұмыс емес, бұл менің қызметтік борышым. Барлық уақытта да мен әрбір азаматқа әділдік пен құрмет танытуын қамтамасыз ету үшін еңбектенетін боламын», - деді аға лейтенант Алинов.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі