Полиция департаментінде кадр бөлімдерінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті

Полиция департаментінде кадр бөлімдерінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті

                                                                                                  Полиция департаментінде кадр бөлімдерінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті

Бүгін Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манаповтың төрағалығымен облыстағы кадр бөлімшелерінің ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы жедел кеңес өтті.

Отырыста бос лауазымдарға орналастыру, қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына оқуға жіберу, ардагерлер кеңесінің қатысуымен тәлімгерлік қызметті дамыту, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мен аудандық полиция бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды реттеу сынды негізгі аспектілер қарастырылды.

Серік Манапов құқық қорғау жүйесінің тиімділігі үшін адам ресурстарының маңыздылығына тоқталып өтті.

«Қатарымыздағы әріптестеріміздің жұмысқа деген тұрақтылық пен кәсібиліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін өзгерістерге дер кезінде бейімделіп, қызметкерлердің моральдық және патриоттық дамуына қолдау көрсету маңызды. Ішкі істер министрі жеке құраммен жұмысты жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, ал оны тиімді әрі уақытылы жүзеге асыру - мына біздің қолымызда», - деді полиция полковнигі.
Жиналыс соңында ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту және кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша іс-шаралар әзірленді, бұл атап айтқанда өңірдегі құқық қорғау жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігіне әсер етеді.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі