Шығыс Қазақстан облысының полицейлері "Жас сақшы" кадеттері үшін танымдық демалыс ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері "Жас сақшы" кадеттері үшін танымдық демалыс ұйымдастырды

                                                                                                 Шығыс Қазақстан облысының полицейлері "Жас сақшы" кадеттері үшін танымдық демалыс ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары № 35 орта мектептің "Жас сақшы" кадет сыныбының оқушылары үшін оқу демалысының бірінші күнін жарқын әрі есте қаларлықтай етіп, олардың күндерін көңілді және белсенді ойындармен әрі жаңа ақпараттармен толтырды.

45 кішкентай оқушы авторлық ойын-сауық бағдарламасының қатысушысы атанып, қызыққа толы әлемге еніп, белсенді демалды. Полиция қызметкерлері балаларды іс-шара өтетін жерге көлікпен баруын қамтамасыз етіп, жол бойында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полицейлермен бірге алып жүрді.

Бағдарлама көңіл көтеріп қана қоймай, қажетті дағдыларды дамытуға ықпал ететін әртүрлі іс-әрекеттерге үйретті. Балалар логикалық тапсырмаларды шешіп, кванториум форматындағы квесттерге қатысып, онда тапқырлық пен шығармашылықтарын көрсетті.

Арқан қалашығы біртұтастық пен командалық рухтың нағыз сынағы болды, ал өрмелеу алаңдары оқушыларға физикалық мүмкіндіктерін тексеруге және биіктік қорқынышын жеңуге жақсы мүмкіндік болды. Сонымен қатар, қиындықтарды еңсеру мен мақсаттарға жетуді бейнелеу жолындағы «Сиқырлы баспалдақ» бағдарламаның ерекшелігіне айналды. Ал, лазерлік жекпе-жек болса, қызықты күнге тағы бір мәрте қуаныш сыйлады.

Ұйымдастырушылар патриотизм, достық және өзара көмек тақырыптарында шеберлік сыныптары мен дәрістер өткізу арқылы дене белсенділігіне ғана емес, білім беру дағдыларына да назар аударды. Бұл балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа білім мен қабілеттерге ие болатын ерекше эмоцияларға толы әсер қалдырды.

Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар тек дене шынықтыруды ғана емес, моральдық құндылықтарды қалыптастыруға көмектесетін жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынына сенімді. Кездесу соңында жас сақшылар үйлеріне позитив пен жаңа әсер алып қайтты.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі