ШҚО ПД-да екі қызметкерді құрметті еңбек демалысына шығарып салды

ШҚО ПД-да екі қызметкерді құрметті еңбек демалысына шығарып салды

                                                                                                  ШҚО ПД-да екі қызметкерді құрметті еңбек демалысына шығарып салды

Шығысқазақстандық полицейлер әріптестерін құрметті еңбек демалысына шығарып салып, бірқатар кадрлық қабылдаулар жүргізді.
Зейнетақы куәлігін алғандардың арасында полиция полковниктері Қажиев Ерғали мен Байжүменов Ринат бар.

Полиция полковнигі Е.Қажиев күзет бөлімі ротасындағы милиция қызметкерінен Ұлан ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасарына дейін жүріп өткен. Өмірінің біраз уақытын әкімшілік полиция қызметкерлерінің қатарында қызмет етуге арнаған. Атқарған қызметінде Ерғали Әділғажиұлы жауапкершілігімен, ұстамдылығымен, тектілігімен ерекшеленген. Бүгінде ол 30 жыл тынбай еңбек етіп, құрметті еңбек демалысына аттанды.

Ардагерлердің әрқайсысы туралы көптеген жылы тілектер айтылды. ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тәртіп сақшылары өскелең ұрпаққа лайықты үлгі-өнеге көрсетіп келе жатқанын атап өтіп: «Сіздер өз істеріңіздің нағыз кәсіби мамандарысыздар. Сіздердің жетістіктеріңіз болашақ қызметкерлерге үлгі болып, әрі қарайғы қызмет жолында бағыт-бағдар беретініне сенімдімін».

Сонымен қатар, бүгінде аумақтық бөлімшелерде жеке қабылдау арқылы және бейнеконференцбайланыс арқылы да кадрлық қабылдау өткізілді. Облыстың бас полицейі қызмет етуге келген үміткерлермен тілдесіп, полицейлерге тапсырмалар берді.
* «Полицияда қызмет атқару толық өз ісіне берілу мен жауапкершілікті талап етеді. Әрқайсыңыз алдарыңызға жоғары талап қойып, биікке ұмтылуларыңыз керек», - деді Е.Омарбеков.

Полиция департаменті бастығының бұйрығымен жаңа қызметке аудандық және қалалық бөлімшелерден 30 үміткер тағайындалды.

 

                                                                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі