
ШҚО ПД жеке құрамы қысқы киім үлгісіне көшті
Бүгін Полиция департаментінің алаңында қысқы киім нысанына көшуге байланысты жеке құрамның қатысуымен дәстүрлі саптық байқау өтті.
Саптық байқау барысында ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Манапов нысанды киімін, қызметтік куәліктердің, жетондардың болуына, айырым белгілерінің, төс белгілерінің орналасуына ерекше назар аудара отырып, полиция қызметкерлерінің сыртқы келбетін жеке өзі тексерді.
- "Бөлімшенің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі үнемі өткізілетін саптық байқаулар болып табылады. Аталған іс - шараларды өткізу бөлімшелердегі тәртіп пен заңдылықты нығайтады, сондай-ақ халық алдында полицейдің оң имиджін қалыптастырады", - деп атап өтті Манапов Серік.
Саптық байқау салтанатты шерумен аяқталып, содан кейін полиция қызметкерлері өз міндеттеріне кірісті.
Ведомстволық талаптарға сәйкес саптық байқаулар жылына 2 рет, яғни жеке құрамның сыртқы келбетіне қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жазғы және қысқы киім нысанына көшу кезінде өткізіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі