ШҚО ПД-да Кадр қызметі қызметкерлерінің құрметіне салтанатты іс-шара өтті

ШҚО ПД-да Кадр қызметі қызметкерлерінің құрметіне салтанатты іс-шара өтті

                                                                                                  ШҚО ПД-да Кадр қызметі қызметкерлерінің құрметіне салтанатты іс-шара өтті

 

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде кадр қызметі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Кездесуге бұрын Кадр бөлімшелерінде қызмет еткен Ішкі істер органдарының ардагерлері мен қазіргі қызметкерлер де қатысты.

ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов өз сөзінде:
- «Тиімді және ұйымшыл команда құру үшін Кадр қызметінің жұмысы өте маңызды, бұл қызметкерлердің кәсібилігі мен жұмысына деген адалдығы барлық Департаменттің жетістігінде және азаматтардың полицияға деген сенімінде шешуші рөл атқарады» - деп атап өтті.

ІІО ардагері Ерлан Жұмаділовте тәртіп сақшыларын құттықтап, кадр қызметі кез келген полиция бөлімшелерінің табысты жұмысының негізі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүкіл жүйенің тиімділігі кадрларды іріктеу мен дайындауға байланысты. Құрметті ардагер Жұмаділов Ерлан ұжымдағы бірлік пен өзара түсіністіктің маңыздылығын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі полиция аға лейтенанты Жомартова Шырайлымның ата-анасына алғысхат табыстау сәті болды. Серік Манапов оларға қыздарына жақсы тәрбие бергені үшін алғысын білдіріп, оның атқарып жатқан жұмысы жас буын қызметкерлері үшін үлгі екенін айтты.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан полициясының дамуына қосқан үлесі үшін алғысхаттармен марапатталған қызмет ардагерлері де назардан тыс қалмады.
Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі