
Полицейлердің жаңа буыны
Шығыс Қазақстан облысында 20-дан астам жас қызметкерлер тәртіп сақшысы болуға дайындалу үшін бастапқы даярлық оқуына аттанды.
Екі айдың ішінде олар құқық қорғау органдарында білікті маман ретінде қызмет ету үшін қажетті негізгі дағдылар мен білімді меңгереді.
Үміткерлердің әрқайсысы қажетті құжаттарды жинаудан бастап әскери-дәрігерлік комиссия және дене шынықтыру дайындығы. Бойынша мұқият іріктеуден өткен. Сондай-ақ, оларға мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексі мен мінез-құлық ережелері олардың болашақ қызметінде моральдық және этикалық стандарттардың ажырамас маңызды бөлшегі екені түсіндірілді.
Ал оқу аяқталғаннан кейін жаңадан дайындалған қызметкерлер алғашқы атақтарын алады және қалалық және аумақтық бөлімшелерге жіберіледі.
Облыстың бас полицейі Ерлан Омарбеков болашақ офицерлер мен сержанттарға үлкен үміт пен елеулі талаптар қойылатынын атап өтті.
- "Сіз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайсыздар, сіздердің жұмыстарыңыз тек білім мен дағдыдан ғана емес, сонымен бірге сөзсіз берілгендікті де қажет етеді. Сіздердің әрқайсыларыңыз адал және әділ әрекет етулеріңіз керек, өйткені дәл осы қасиеттер қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенім іргетасын нығайтады", - деді ШҚО ПД бастығы.
Бұл жастар алдағы уақытта жауапкершілігң мол қиындықтар мен жаңа мүмкіндіктерге толы жолға түседі. Олар болса өз кезегінде әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылып, сенімді тірек болуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі