Жас техниктер Шығыс Қазақстандық полиция қызметкерлерінде қонақта болды

Жас техниктер Шығыс Қазақстандық полиция қызметкерлерінде қонақта болды

                                                                                                  Жас техниктер Шығыс Қазақстандық полиция қызметкерлерінде қонақта болды

Жас техниктер станциясының оқушылары Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне экскурсия ұйымдастырылып, ішкі істер органдарының тарихы туралы біліп қайтты.

Балалардың назарына полиция жұмысында қолданылатын жаңа технологиялар мен арнайы техникалар ұсынылды. Балалар «Камаз» автокөлігі негізіндегі ұялы байланыс кешенін, арнайы пилотсыз ұшатын аппаратты, «Кибер Шериф» мобильді кешенін, «Циклоп» кешенін, патрульдік мотоциклдер мен Segway гироскутерларын асқан қызығушылықпен тамашалады. Полицейлер бұл құрылғылардың әрқайсысының аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді.

«Қазіргі кезде кез келген басқа инновацияларға қарағанда цифрлық технологияларды енгізу тезірек жүріп жатқаны белгілі. Бұл кездесу сіздерді жаңа жаңалықтар ашуға шабыттандырады деп үміттенеміз, өйткені сіздердің бойларыңызда болашақ технологияларды дамыту үшін орасан зор әлеует бар», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қарсақбаев Эльдар.

Сондай-ақ оқушылар қызметтік көліктермен танысып, тіпті полиция көлігінің рөліне де отырып көрді. Өздерін тәртіп сақшыларының рөлінде байқап көрген олар, бұл мамандық иелерінің жұмысы қаншалықты жауапты және қиын екенін түсінді.

Әңгімелесуден кейін балалар Полиция департаментінің тарих мұражайында болып, Қазақстан полициясының қалыптасу тарихы туралы көбірек біліп, сонымен қатар, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан нағыз батырлар туралы танып білді. Экскурсия Полиция департаментінің жүрегі аталып кеткен - жедел басқару орталығында жалғасты.

Айтқандай, балалар да құр алақан келмей, шығармашылық жетістіктерін паш етті. Станцияның жас техниктері жасаған ұшақтың дизайны мен техникалық мүмкіндіктерімен баршаны таң қалдырған әсерлі көрсетілімі кездесудің ең жақсы бір сәті болды.

Полиция қызметі туралы жаңа білім алған кейбір жас қонақтар арасында болашақта өз өмірлерін осы мамандықпен байланыстырып, тәртіп сақшысы атанып, азаматтардың амандығын күзетуді ойлағандары да болды. Кім біледі, мүмкін олардың арасынан нағыз болашақ батырлар өсіп шығатын шығар!


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі