Ережелерді сақтау-қауіпсіздік кепілі!

Ережелерді сақтау-қауіпсіздік кепілі!

                                                                                                 Ережелерді сақтау-қауіпсіздік кепілі!

Құрметті жүргізушілер! Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың 13 қазанында қардың түсуімен және қоршаған ауаның температурасы төмендеуімен қатар жүретін ауа-райының болжамды нашарлауына байланысты жол-көлік оқиғаларының туындау ықтималдығы күрт артуы мүмкін екенін хабарлайды.
Сізден абайлап жүруіңізді сұраймыз, әсіресе таулы аймақтарда, көпірлерде, қоғамдық көлік аялдамаларына кіреберістерде және қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, себебі бұндай уақыттарда пайда болатын көктайғақ өте қауіпті.
Қысқы шиналары бар дөңгелектерді, соның ішінде сырғанауға қарсы тікендері бар шиналарды уақытылы орнату қажеттілігін еске саламыз.
Қала сыртындағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен жүрісі туралы тәулік бойы ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады:
- 77-70-81, 77-60-05 – ШҚО ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының кезекші бөлімі;
- 26-28-08, 24-08-98, ұялы т. 8-777-535-89-08 – «ҚАЖ Сервис» ЖШС ШҚОФ диспетчері;
- 57-42-52, ұялы т. 8-705-798-05-99 – «ОблШығысЖол» ЖШС диспетчері.
Ауа-райы жағдайлары қиындаған жағдайда қала сыртына шығып, жол жүруден бас тартуыңызды сұраймыз.


ШҚО ПД баспасөз қызметі