
Шығыс Қазақстандық кинологтар студенттерді ашық есік күніне шақырды
Бүгін жастар арасында нашақорлықтың алдын алу профилактикалық жұмыстарының негізінде Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында ашық есік күні өтіп, оған полицей иттердің жұмысымен танысқысы келген ШҚУ студенттері қатысты.
Іс-шара төрт аяқты тәртіп сақшыларының көмекшілерінің олармен бірге қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететінін, қылмысты ашуға көмектесетінін көргісі келген жастар үшін тамаша мүмкіндік бола білді.
Оқушылар полицейлердің қызметтік иттері жаттығу жасап, ізденімпаздық қабілеттерін көрсеткенін шынайы қызығушылық танытып қарады. Бәрінен бұрын өзіне ерекше назар аудартқан неміс овчаркасы Энигма болды. Бірнеше минут ішінде ол студенттердің бірінің жасырған затын тауып, көрермендерін таңқалдырды. Сонымен қатар, Энигма жалпы дайындық курсының нормативтерін орындап, кедергілерден өту арқылы кәсіби дайындығын дәлелдеді.
Көліктерде жарылғыш заттың бар жоғын анықтау арқылы өзінің белсенділігін танытқан бельгиялық овчарка Логан да назардан тыс қалмады.
Осы қызықты қойылымдардың барлығы қатысушыларға полицей иттердің жұмысының қаншалықты маңызды екенін жақсырақ түсіндірді.
Бұған қоса, студенттерге әртүрлі қылмыс түрлерін ашуда қолданылатын арнайы техника мен полицияның ең қажетті керек-жарақтары көрсетіліп, шағын көрме ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар қыщметтік иттердің бірінің күшіктерін көріп, керемет әсер қалдырған қызықты кездесуден естелік болсын деп фотосуретке түсті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі