ШҚО полициясында кадрлық өзгерістер: аумақтық бөлімдердің жаңа басшылары тағайындалды

ШҚО полициясында кадрлық өзгерістер: аумақтық бөлімдердің жаңа басшылары тағайындалды

                                                                                                 ШҚО полициясында кадрлық өзгерістер: аумақтық бөлімдердің жаңа басшылары тағайындалды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде аумақтық бөлімдердің жаңа басшылары тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Өскемен қаласындағы Ертіс полиция бөлімін полиция подполковнигі Жұмекенов Әділет басқарса, полиция подполковнигі Закиров Латиф Риддер қаласындағы ПБ бастығы болып, полиция подполковнигі Толықпаев Саят Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімінің басшысы лауазымына, полиция майоры Әсет Қисанов Тарбағатай ауданы полиция бөлімінің бастығы, ал Шемонаиха аудандық полиция бөлімін полиция подполковнигі Әсет Шахантаев басқарды.
Жаңа басшыларды жеке құрамға ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков таныстырды.
«Бүгінде сіздердің алдарыңызда полиция жұмысын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырудың маңызды бөлігі - сіздердің қызметтеріңіздің ашықтығы мен айқындығы екенін біліңіздер. Тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтап, барлық азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғаңыздар» - деді облыстың бас полицейі.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі